Қала әкімі алматылықтарды, әсіресе бизнес-сектор өкілдерін карантиндік шараларға түсіністікпен және үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг осы салаға қатысты біраз сұрақтарға әкім жауап берді.

Ашық алаңқайда орналасқан тамақтану орындарының даяшылары қолғап кимесе, ал маскалар иекке түссе, қайда қоңырау шалуға болады? Кішкентай сұлулық салондары мен маникюр шеберлері жұмыс істей ала ма? Пандемия кезінде онсыз да зардап шеккен бизнеске ақшалай айыппұл салудың қажеті қанша? деген сұрақтарға: «Ешкім бизнес үшін айыппұл салып, жазаламайды. Олар ақша табу керек, бірақ бұл жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Егер бұл қызметке тыйым салынса, тәуекелге барудың қажеті жоқ»,- деп жауап берді.

Ал ірі кәсіпорындарда – дезинфекциялайтын тоннельдерді ешкім алып тастамаған. Алайда, іс жүзінде жағдай керісінше. Бұл үшін 700-ден астам кәсіпорын жазаланды.