Қордайдағы жағдай тұрақты, барлық шығын өтелді, қираған нысандар қалпына келтірілді. Биыл Қордай ауданына 35 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Оның айтуынша, бөлінген қаражат есебінен ауданның көптеген әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік туды. 4 300 жаңа жұмыс орны құрылды. Жолдар салынып, газ тартылды.

«Қордай ауданында газбен қамтамасыз ету 95% құрайды, жыл басында 47% болды. Кәсіпкерлікте өсім бар. Кейбір БАҚ дүнгендер басқа жерлерге көшіп, бизнесмендерге кедергі келтіреді деп жазады. Біз талдау жүргіздік, дегенмен мәселені әрдайым бақылауда ұстаймыз: олар бұрынғыдай Қордай, Шу аудандарында, көршілес Алматы және Қарағанды облыстарында тыныш жұмыс істеуді жалғастыруда. Бірде-бір дүнген Ресейге немесе басқа елге көшкен жоқ. Біз үшін, көпұлтты Қазақстанда, ең бастысы - барлық ұлттардың бірлігі. Біздің халқымыз әрқашан: соғыс, ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарында да, одан кейін де соңғы тілім нанды бөліп отырды. Тек бірліктің арқасында ғана біз барлық қиындықтарды жеңе алдық. Мұны ұмытпау керек, мұны біз ұрпақтарымызға да беруіміз керек», - деді аймақ басшысы.