Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көп ұзамай инфекциялық ауруханалардағы орындардың саны 665-тен 1490-ға дейін артатынын жеткізді.

Жамбыл өңірде коронавирустың үш өлімі тіркелген. 598 адам сауығып шықса, ауруханаларда пневмониямен 732 науқас емделуде.

Стационарларда 1855 төсек дайындалған. Бүгінгі таңда инфекционарлық ауруханалардағы төсек қорының жүктемесі 71 пайыз, провизорлық стационарларда 56 пайыз, карантиндік стационарда 5 пайызды құрайды. Бос төсек саны 824-ті құрайды.

Жалпы 1662 медициналық мақсаттағы бұйымдарды, пульсоксиметрлер, оттегі концентраттары және т. б.-ды сатып алу үшін республикалық бюджеттен жалпы сомасы 4,9 миллиард теңге қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім жіберілді. Қазір стационарларда 148 ӨЖЖ аппараты бар. Тағы жаңа 50 ӨЖЖ аппараты келеді деп күтілуде. Облыс бойынша 10 компьютерлік томограф жұмыс істейді. Барлық инфекциялық стационарлар рентген-аппараттармен қамтамасыз етілген.