Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов журналистің сұрағына берген жауабында мәлімдеді. Ол қарамағында қызметкерлер пара алған жоғары лауазымды шенеуніктердің отставкаға кетуінің болмауы туралы сұрады.

«Бізде облыс әкімдерінің орынбасарлары отставкаға кеткен жағдайлар болды, отставкалар қабылданды, аудан әкімдері. Бұл норма таңдамалы түрде жұмыс істейді деп айтуға болмайды. Егер вице-министрлерге, әкімнің орынбасарларына қатысты күшіне енген сот үкімдері болса, тиісті саяси басшылар да отставкаға кететін болады», - деп жауап берді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның өкілі.

Ол сондай-ақ орталық және жергілікті аппараттардың мемлекеттік қызметшілерімен ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

«Бұл норма өткен жылдың соңында қолданысқа енгізілді. Саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкаға кетуі секілді нақты нәтижелері бар. Кейбір жағдайларда отставка қабылданады, кейбір жағдайларда қабылданбайды. Бұл сондай-ақ осы саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құқығы. Міндетті түрде отставкаға кету - бұл императивті нормалар емес, бұл басшының саяси жауапкершілігіне қатысты мәселе. Тәртіптік жаза қолдануға болады. Ең бастысы, бұл норма қабылданды. Бұл жаңа норма және қарқын алып келеді, менің ойымша, бұл қазірдің өзінде көшбасшыны тежеп отыр. Біз басшылардың өз қызметкерлерінің тазалығына деген қызығушылығын өз тәжірибемізде байқадық, яғни ол өзінің жауапты екенін түсінеді», - деді Олжас Бектенов.

Тек жаңадан келгендерге ғана жеңілдік жасалады. Егер сыбайлас жемқорлық қылмыс бейімделу кезеңінен кейін – 3 ай өткен соң жасалса, онда жаңа басшы отставкаға кетуі керек немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылады.