Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров Қазақстанда өтіп жатқан сайлауда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы баяндады. Ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйледі. Оның айтуынша, 40 мыңға жуық полицей күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Бірақ арнайы құрылған жедел топтар қызметкерлерінің жұмысы сайлаудан бұрын басталды.

«Барлық сайлау учаскелері алдын ала қауіпсіздік тұрғысынан тексеруден өтті. Сондай-ақ, бюллетендердің барлығы учаскелерге еш кедергісіз жеткізілді», - деп атап өтті министрдің орынбасары.

Айта кетейік, жедел топтардың құрамында прокуратура қызметкерлері де бар.