Барлық науқастар амбулаториялық емделуде. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов келтірді.

«Еңбек ұжымдарында коронавирустық инфекцияның өршуі алаңдаушылық туғызады. Атап айтқанда, 2020 жылдың 17 қыркүйегінде әкімшілік пен «Барыс» хоккей командасының 40 адамына профилактикалық тексеру жүргізілді. 11 адамда COVID-19-ға оң нәтиже анықталды», - деп хабарлады Кожахметов.

Сол күні Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы Қаулысы берілді. Байланыста болған 29 тұлға анықталды, олардың барлығы Барыс-Арена стадионына барудан шеттетілді. Қызметкерлермен дезинфекция және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Алайда, 22 қыркүйекте байланыста болған 29 адамды тексеру кезінде команданың тағы 8 мүшесінде оң нәтиже анықталды. Барлық 19 науқаста COVID-19 белгілері байқалмаған, олар амбулаториялық емделуде», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.