Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті қатаңдату рульге отырған адамдар санын 30%-ға (17413-тен 12311-ге дейін) төмендетті. Бұдан басқа, жолдардағы апаттылық 26%-ға (7 093-тен 5 260-қа дейін), оның ішінде өліммен аяқталған жағдайлар 16%-ға (850-ден 712-ге дейін) азайды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту Қылмыстық кодекстің 110-бабын (азаптау) жеке айыптау санатынан жеке жария айыптау ісіне ауыстыру мұндай фактілерді тергеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Қазір олар жәбірленушінің мәлімдемесіне қарамастан тергеледі. Нәтижесінде үстіміздегі жылдың 8 айында азаптау фактілері бойынша тергеу жұмыстары 5 есеге көп жүргізілді, 19 іс сотқа жіберілді.

«Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар мен ұрып-соғу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар саны 13%-ға (7 819-дан 8 970-ге дейін), әкімшілік қамауға алу 14%-ға (4 267-ден 4 939-ға дейін) және ескерту 18%-ға (2 921-ден 3 560-ға дейін) артты», - деп толықтырды М.Ахметжанов.