Ал инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есеге артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинте өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді. Соңғы екі жылда 909,8 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталып, мемлекетке 113 мың гектары қайтарылды.

2020 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1,6%-ға өсіп, 167,7 млрд теңгені құрады.

«Өңір басымдықтарының бірі - етті мал шаруашылығын дамыту. Ірі қара мал басы бойынша біз республика бойынша 4-ші орындамыз. Асыл тұқымды ірі қара мал өсіру бойынша да алдыңғы үштікке кірдік. Ал етті бағыттағы ірі қара малын өсіру бойынша облысымыз екінші орында», - деді Ғ.Есқалиев.

Оның атап өтуінше, мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы кооперативтерін біріктіру тапсырмасы бойынша Тасқала ауданында пилоттық жоба енгізілді. Ет бағыты бойынша да Батыс Қазақстан облысының әлеуеті жоғары.