ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, облыс орталықтарындағы криминогендік учаскелерде, тұрғын үй алаптарының аулаларында модульдік үлгідегі 41 стационарлық полиция бекеті орнатылған. Алдын алу шаралары практикамен дәлелденген бейнебақылау жүйелері кеңейтілуде.

Республика бойынша барлығы 230 мың бейнекамера жұмыс істейді (оның ішінде ЖБО-ның 6,7 мың камерасы, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы шеңберінде қашықтықтан қарау мүмкіндігімен – 17,4 мың тұрғындардың бастамасы бойынша орнатылған 40 мың камера). Бейнебақылау жүйесінің көмегімен 3 мың қылмыс ашылды, 184,4 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.