Сәрсенбі, 8 шілде күні өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Өңір басшысы коронавирус бойынша ағымдағы жағдай туралы және инфекцияның таралуын алдын алуға бағытталған шаралар туралы айтты.

  • Қазіргі таңда облыста 1866 коронавирус инфекциясы тіркелген, оның 865-симптомдық және 1001-і симптомсыз. Өкінішке орай, тұрғындар инфекцияның қауіптілігін әлі де түсінбей, санитарлық талаптарды ескермеуде. Мәселен, соңғы тәуліктің өзінде 77 науқас анықталды, - деді Бердібек Сапарбаев.