Бүгінгі күні 650 мыңға жуық азамат ХҚКО-ға бармай ЭЦҚ алды.

Бұл қызмет E-gov сайтында және E-gov mobilе мобильді қосымшасы арқылы іске қосылды.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ТЖ кезінде ЭЦҚ-ға өтінімдерді онлайн растау үшін фронт-кеңселердің 805 жұмыскері тартылғанын, бейнебайланыс арқылы 3,5 млн.астам қоңырау қабылданғанын, бейнеқоңырау арқылы 900 мыңнан астам пайдаланушы тіркелгенін атап өтті.

IT-мамандардың көмегімен қысқа мерзім ішінде ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлемдерді алу өтініштерін қашықтан қабылдау режимінде тіркеу бойынша қажетті цифрлық шешімдер қабылданды. Жалпы, 8 млн. астам бірегей өтініш берілді, 151 мыңы SMS көмегімен белсенді алынды.