Шетелдік мамандар Қазақстанда тексерілген әдістемелер бойынша қашықтықтан оқытуды зерттеуді жалғастыруда. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Төртінші тоқсанда мұнымен отандық сарапшылар айналысты. Өлшеулер, зерттеулер, нәтижелер – әртүрлі айнымалыларға тәуелді екенімізді дәлелдеді.

«Көптеген балалар ашылып, белсенділік, ұйымшылдық,танытты, өз бетінше ізденіп, талдау жасай бастады. Ал басқа санаттағылар – әдістеме, ақпарат әлемінде өз бетінше жұмыс істеу тұрғысынан қиындықтарға тап болды. Зерттеу нәтижелері бойынша көбірек уақыт бөліп, балалармен жұмыс істеу керек тұстары анықталды. Белгілі бір пәндер бойынша кемшіліктерді жою үшін іс-шаралар жоспары әзірленді. Мысалы, математикадан, тілдер сабақтарынан, әсіресе төменгі сыныптарда», - деді А.Аймағамбетов.

Оның пікірінше, қашықтан оқыту мен дәстүрлі білім беру бірдей емес. Сондықтан эпидемиологиялық жағдай жақсарған соң бірінші кезекте бастауыш сынып оқушылары штаттық режимге ауыстырылады.

«Қауіптің қызыл деңгейінде оқыту қашықтан жүргізіледі, ал сары деңгейде 1-5 сынып оқушылары штаттық режимге ауыстырылады. Сырқаттанушылық деңгейі төмендеген кезде 6-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқиды, бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Бұл әлемдік тәжірибе. Балалар мен педагогтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі бірінші орында. Уәкілетті орган ретінде біз үшін білім беру үдерісі маңызды, бірақ біз қашықтан оқыту арқылы сапалы білім беруге бар күшімізді саламыз», - деп сендірді министр.

Айта кетейік, стратегия эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде де әрекет етеді.