Бұл С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессорларының практикалық жұмыстарының көрсеткіші. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚазҰМУ ректоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Талғат Нұрғожин хабарлады.

«Университет кадрларды даярлаудың интеграцияланған стратегиясы деп аталатын академиялық құрылымдардың практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен тығыз өзара іс-қимылын көздейтін арнайы білім беру жүйесін іске асырады. Профессорлық-оқытушылар құрамының практикалық денсаулық сақтауға белсенді қатысуы университет қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады», - деді Нұрғожин.

Бүгінгі таңда ҚазҰМУ-да терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және стоматологиялық бағыттар бойынша 42 клиникалық кафедрада 500 аса оқытушы бар. Олар Алматы қаласының 4 университеттік клиникаларында және медициналық ұйымдарында жұмыс істейді, күрделі жедел процедураларды орындайды, консилиумдар өткізеді және пациенттерге консультациялық көмек көрсетеді.

106 денсаулық сақтау ұйымы – 49 емхана, 53 стационар, 4 перзентхана - университеттің клиникалық базалары болып табылады. Стационарлар қатарына 8 ғылыми-зерттеу институт пен ғылыми орталық, жеке Денсаулық сақтау ұйымдары, орталық аудандық ауруханалар және басқа да қалалық медициналық ұйымдар кіреді.

«Клиникалық оқыту сапасын арттыру мақсатында университет профессорлық-оқытушылар құрамына Алматы қаласының клиникаларында қатар жұмыс атқаруға мүмкіндік береді. Клиникалық базаларда штаттық қызметкер ретінде практикалық қызмет ету, медициналық ұйымдардың ақпараттық бағдарламасына қолжетімділік жауапкершілікті арттырады және оқытушы-дәрігердің жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз етуге және студенттердіе практикалық оқытуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ректор.

Клиникалық оқытуда тиімді тәлімгерлік маңызды болып табылады. Бұл бағдарламаны іске асыру шеңберінде студенттерді практикалық оқыту үшін штаттық негізде қатар қызмет атқару үшін клиникалардың аса тәжірибелі білікті мамандары тартылады. Биыл тәлімгерлер ретінде 306 клиницист жұмыс істеуде.

Резиденттерді клиникалық базада практикалық оқыту 90%-ды құрайды, ал қашықтан оқыту технологияларын қолданатын теориялық оқытудың үлесі - 10%.

«2717 интерн мен резидент практикалық оқытудан өтіп, халыққа медициналық көмек көрсетуге қатысады, оның 546-сы Қазақстан Республикасы өңірлерінің 100 медициналық ұйымына жіберілді», - деді Нұрғожин статистикалық мәліметтерді келтіре отырып.