Елімізде соңғы тәулікте Covid-19 жұқтырудың 1509 жаңа жағдайы тіркелген. Ең көп фактілер Атырау облысында – 287, Алматыда – 195, БҚО – 112, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында – 111 жағдай. Мұндай статистиканы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында келтірді.

Аурудың 40%-дан астамы профилактикалық тексеру кезінде, 38% - байланыста болған адамдар, 19%-ы өз бетімен келіп қаралғандар, 2%-ы сырттан әкелінген жағдайлар анықталды.

«Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша дәрігерлер пациенттердің жартысынан астамы аурудың жеңіл және симптомсыз түрін, 14 мыңға жуық пациенттің жағдайын ауырлығы орташа дәрежеде, ауыр халде аз пайыз көрсетуде деп бағалайды», - деп атап өтті Цой.