Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында биржалық сауданы ретке келтіру туралы тапсырма берілді.

«Біріншіден, біз биржалық тауарлар тізімін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биржаға қатысушылардың санын ұлғайту үшін жеткізу партиясының мөлшерін 600-ден 60 тоннаға дейін төмендетеміз. Яғни, шағын және орта өндірушілерге биржа арқылы өз өнімдерін сатуға мүмкіндік береді», - деді Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, тауар биржалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс сауда-саттыққа жергілікті және шетелдік қатысушыларды барынша тартуға бағытталатын болады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді және биржалық тауарларға нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз етеді.