ҰБТ өткізу процесіне 2500-ден аса министрлік өкілі тартылды

Биылғы жылы тестілеудің ашық және әділ өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында Білім сапасын қамтамасыз ету департаменттерінің және 518 арнайы мониторингтік топтың өкілдері тартылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз-конференциясы барысында Ұлттық тестілеу орталығының өкілі айтты.

Ұлттық тестілеу орталығы директоры орынбасарының ақпараты бойынша, ҰБТ-ның бірінші күні:

● Шектік балды жинағандар – 4222 (68,3%)

● Шектік балды жинай алмағандар – 1964 (31,7%)

● 130 балдан жоғары жинағандар саны - 39

Апелляцияға бергендер саны бойынша ақпарат сағат 13.00-ден кейін қолжетімді болады, өйткені өңірлерде 21 маусым күнгі нәтиже бойынша апелляцияға өтінішітер қабылдау сағат 13.00-ге дейін жүргізілуде.

«Дегенмен, бұл нәтижелердің соңғы қорытындысы тамыз айында нақты болатынын атап өткім келеді. Өйткені қолданыстағы Ережелерге сай, барлық бейнежазбалар а.ж. 25 тамызына дейін талданып, тыйым салынған заттарды қолданған фактілер болса, тестіленушілердің балдары жойылатын болады, тіпті білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері де жойылуы мүмкін»,- деді Н.Дидарбекова.