Бұл туралы Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің бұрынғы басшы кеткен соң нақты қандай өзгерістер болатыны туралы қойғаан сұрақтарына берген жауабында мәлім етті. Өзгерістер ішкі үдерістерге, штат құрылымын қайта қарауға, шығындарды оңтайландыруға қатысты болады.

«Штат құрылымы қайта қаралады, қайталанатын функцияларды алып тастау арқылы оның саны азайтылмақ. Бұл мәселе орталық аппарат деңгейінде қарастырылуда, кейіннен бұл жұмыстар филиалдарда да жүргізілетін болады. Бұдан басқа, филиалдардың қызметі, өкілеттіктері мен жауапкершілігі айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Кейбір қызеттер жергілікті жерлерге беріледі. Бұл мәселелерді егжей-тегжейлі және аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып шешуге мүмкіндік береді. Әңгіме тариф жасау, сатып алу және бюджетті жоспарлау, медициналық көмек сапасын бақылау туралы болып отыр», - деді спикер.

1 шығындар млрд теңгеден астам шығындар қысқартылады. Операцияға 800 млн, PR-ға 102 млн, кеңселерді жалға алуға және іссапарларға да шамамен сонша, ІТ қызметтерге 180 млн. Еңбекақы 119 млн теңгеге азаяды, сондай-ақ, басқарушы директорлар үшін жылдық сыйақылар да қарастырылмаған.

«Күрделі шығындар 277 млн теңгеге қысқартылады, негізінен жиһаз бен ұйымдастыру техникасын сатып алудан бас тартамыз. Әрине, алдағы уақытта да қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз», - деп сендірді компанияның жаңа басшысы.