Антибактериалды терапия COVID-19 науқастарында қолданылуы мүмкін, бірақ бірге жүретін бактериялық аурулар жағдайында ғана. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Астана медицина университеті" КЕАҚ кафедрасының доценті Баян Тұрдалина мәлімдеді .

«COVID-19 қарсы терапияны қолдануға тікелей айғақтар жоқ. Бұл емдеу жеке және бактериялар болған жағдайда дәрігер ғана тағайындайды. Өзін-өзі емдеуге жол берілмейді және тіпті ауыр зардаптарға ұшырауы мүмкін.

Антибактериалды терапияны қолдану бойынша жадынамалар КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасында жазылған»,- деп атап өтті инфекционист дәрігер және дәріханаларда қабынуға қарсы тапшы "Диксаметазон" препараты инфекцияның ауыр түрін емдеу үшін стационарлық түрде ғана қолданылатынын еске салды.

Б. Турдалина сондай-ақ балаларды тәуліктік мөлшерден артық витаминдермен алдын алу үшін қиянат жасамауға шақырды. Ол жасы мен салмағына байланысты және мамандардың ұсыныстары бойынша да қолданылады.