«Қазіргі кезде үйде емделушілер бірден антибиотиктер қабылдайды. Бұл дұрыс емес. Үш тәулік бойы дене қызуы 38 градустан жоғары болса, онда қызуды төмендететін препараттар, шөп, көп су ішу керек. Бірден антибиотиктер қабылдауға болмайды. Өйткені, олардың жанама әсерлері бар», - деді Денсаулық сақтау министрі А.Цой.

Ведомство басшысының айтуынша, аурудың жеңіл түрі кезінде антибиотиктерді қабылдаса, кейін қайта ауырған кезде бактериялардың осы препараттарға сезімталдығы төмендейді. Үйде емделген кезде Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген және ресми сайтында жариялаған қарапайым жадынамаларды пайдалану керек.

Сонымен қатар, министр өз сөзінде халықты шынайы ақпаратқа ғана сеніп, әлеуметтік желілерде таралып жатқан материалдарға мән бермеуге үндеді.