Бүгінгі таңда Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 65 188 адам тіркелді, оның ішінде 32 248 симптомдық жағдай. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.Оның мәліметінше, 39 066 адам сауығып шықты, 25 688 науқас (192 бала) емделіп жатыр, оның ішінде: стационарда – 9 166 пациент, амбулаториялық жағдайда – 15 722 пациент.

Спикердің атап өтуінше, бір апта ішінде сырқаттанушылық деңгейі 6,7% өскен. Өткен тәулікте бұл көрсеткіш 1 674 жағдайды (2,6%) құрады. Індетті жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы қаласында (219), Атырау облысында (218) тіркелген. Ең жоғары өсім Солтүстік Қазақстан (5,1%) және Шығыс Қазақстан (3,9%) облыстарында байқалады.