25 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде коронавируспен ауырған адамдардың саны 107 590 жетті. Оның ішінде 95,1 пайызы немесе 102 360 науқас жазылып шықты. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов індеттің таралуына байланысты соңғы мәліметтермен таныстырып өтті.

Оның ақпаратына сәйкес, қазіргі кезде 3 515 адам ем қабылдауды жалғастыруда, 1715 азамат қайтыс болды. Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 61 адам анықталды.

Сонымен қатар, ПТР сынақ теріс көрсеткен 31 991 науқас тіркелді. Оның ішінде 26 914-і емделіп шықты. Қайтыс болғандар саны - 347.

Спикердің атап өтуінше, 24 қыркүйекте КВИ ұқсас белгілері бар ПТР сынақ теріс нәтиже көрсеткен бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.