Елімізде бір тәулік ішінде КВИ-мен ауыратын 1 644 адам тіркелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мәлімдеді.

Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, Атырау облысында - 377, Алматы қаласында – 117, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында – 114 адамнан, БҚО-да-111.

Пандемия басталғаннан бері КВИ-мен ауырған 45 719 қазақстандық анықталды. Олардың үштен бірі сауығып кетті.