Disney алғашқы ТВ-киноконцерт орындаушылары қатарында қазақстандық жұлдыз, америкалық «The World ' s Best» шоуының финалисті Данэлия Төлешова да бар. Ол алдағы уақытта көрсетілетін шоудан алған әсерлерімен бөлісті. Әнші тіпті кино индустриясы алпауытының кейіпкерлерінің бірінің оқиғасынан кейін өз өмірін түбегейлі өзгерткісі келетінін айтты.

«Маған жиындағы атмосфера қатты ұнады, процесс те, оркестрмен жұмыс та ұнады. Мен осы оркестрмен ән айтатынымды білгенде қатты қуандым. Орындауда қиындықтар болған жоқ. Себебі маған бұл әндер ұнайды. Маған Disney де, ондағы ханшайымдар да ұнайды. Әрдайым олардың табандылығына, еркіндігіне таң қаламын. Олардың бірі жайлы әнді қуана орындадым. Бұл Моана. Менің сүйікті кейіпкерім- «Ханшайым Бақа» мультфильміндегі Тиана. Бала кезімде даяшы да болғым келген. Ол өте арманшыл және әрқашан мақсатына ұмтылады. Баршаңызға киноконцерттің ұнайтынына сенімдімін, өйткені оған қатысқан барлық әртістер өте дарынды және әндері керемет», - деді Данэлия Төлешова қазақстандықтарға жолдаған өзінің бейне үндеуінде.