Маусым айының басында ШҚО бойынша коронавирустың 68% Семей қаласында өтті. 19 маусымда карантин күшейтілді. Осылайша, 10 күн ішінде динамика құлдырап кетті, аурушаңдық 1,5 есеге төмендеді. Облыс орталығында шілденің ортасына қарай осындай әсер күтілуде.

«Бұл қабылданған шаралар нәтиже беретіндігін айқын көрсетеді. Сондықтан, 24 маусымда Өскемен қаласында да елеулі шектеу шаралары қолданылды, бұл сондай-ақ ауырғандар санының төмендеуіне әкеледі деп сенемін»,- деді Даниал Ахметов брифинг барысында.

Сонымен қатар, сәуір және мамыр айларында қабылданған шектеу шаралары коронавирустың таралуын тежеуге мүмкіндік бергенін атап өткен жөн, өңірде ең төменгі аурумен ауырғандардың саны болды. Өткізу жүйесі қалалардағы қозғалысты 50 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді, сол арқылы тұрғындардың бір-бірімен және жұқтырудың ықтимал қаупімен байланысын азайтады.

«Егер біз тез әрі маңызды нәтижеге қол жеткізгіміз келсе және жақындарымыздың сау болуы үшін осы шараларды қолдануымыз керек. Семей қаласы бойынша карантиндік шаралар уақытылы қабылданып, өз нәтижесін беруде. Біз контактілер тізбегін тоқтатуымыз керек. Мұны сенбі мен жексенбі күндері "тыныш күндер" енгізіп, қозғалысты шектедік»,- деп қорытындылады Даниал Ахметов.