Қазақстанда ТКШ саласындағы тарифтер ТМД және Еуропа елдеріндегі төмен тарифтердің бірі. Мысалы, электр энергиясының құны 1 кВт/сағ үшін 0,023 € құрайды, бұл Армения (0,079 €), Ресей (0,063 €) және Беларусь (0,054€) сияқты ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Сумен жабдықтау, жылыту және табиғи газ тарифтері де төмен. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТМРК басшысы Асан Дарбаев осылай деді.

Спикер 2021 жылы тарифтерді қалыптастыру кезінде ТМРК ұстанатын қағидаттарға тоқталды. Нақтылап айтқанда, тариф белгілеу процесінде ашықтықты қамтамасыз ету, монополистердің шығындарына егжей-тегжейлі талдау жүргізу арқылы тарифтік сметаның шығындарын қысқарту, инвестициялық бағдарламалардың тиімділігін арттыру, халық үшін тарифтер мен бағалардың өсуін тежеу.