Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында Көпсалалы медициналық орталықтың инфекционист-дәрігері Гүлнар Нәжімова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте COVID-19 қорғану жолдарына тоқталды.

«Көп адам нашар желдетілетін бөлмелерде ұзақ уақыт бойы бір-біріне жақын тұрса, COVID-19 жұқтыру қаупі артады. Мұндай жағдайда вирус тамшы бөлшектер немесе аэрозольдар арқылы тиімді таралатыны анық», - деді Г.Нажимова.

Инфекционист кездесулерді көшеде өткізуге кеңес берді. Ал жабық бөлмелерде терезелерді ашып, табиғи желдетуді күшейту керек. Сонымен қатар, гигиенаның негізгі ережелерін сақтау қажет.

«Қолыңызды үнемі құрамында спиртп бар құралмн өңдеп отырыңыз немесе сабынмен жуыңыз. Бұл шара қолдың микробтық ластануын, соның ішінде вирусты жояды. Мүмкіндігінше көзіңізді, мұрныңызды және аузыңызды ұстамаңыз. Адам қолымен түрлі заттарды ұстайды, нәтижесінде вирустық бөлшектер түсуі мүмкін. Осылайша, вирус ағзаға еніп, ауру тудыруы мүмкін», - деп түсіндірді Г.Нәжімова.

Дәрігер жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды немесе мұрынды шынтақ буынымен не болмаса майлықпен жабу керек екендігін тағы да еске салып өтті. Сондай-ақ, заттардың беттерін, әсіресе адамдар жиі қол тигізетін беттерді үнемі өңдеп, дезинфекциялап отыру маңызды. Мысалы, есік тұтқаларын, крандарды, телефондардың дисплейлерін.