СҚ-Фармация негізінде қалыптасатын резервті дайындау кезінде вирустық аурулардың да, коронавирустық инфекцияның да болжамдары ескеріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

«Болжамдарға сүйене отырып, тегін амбулаториялық және стационарлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін де, дәрілік препараттармен бөлшек сауданы қанықтыру үшін де резервтер қалыптастырылуда. Барлық есептеулерді аурудың өсуіне байланысты ұсынамыз»,-деп толықтырды вице-министр.