Интернеті бар балалар – КВИ жұқтыруы мүмкін, ал мүмкіндігі жоқ оқушылар вирустан сақтандырылған ба? Неліктен ауыл балалары дәстүрлі форматта оқуы керек? Бұл нысандарды қандай қағида бойынша анықтады деген сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде жауап берді. Оның айтуынша, мәселе интернетке қол жеткізу емес, эпидемиологиялық жағдай.

«Мәселе ауылдық мектеп немесе қалалық, интернет бар ма, жоқ па деген мәселе емес. Бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгі оқушылар кезекші сыныптарда оқуға құқылы. Шағын жинақты мектептердің балалары дәстүрлі форматта оқитын болады. Интернетке қосылғанына қарамастан, қолайлы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бұл 202 мың оқушы, бұл оқушылардың жалпы контингентінің 5-6% ғана. Бұл шалғайдағы ауылдық жерлердегі 2652 мектеп. Кейбір мектептердің сыныптарында 3 оқушы оқиды, бір жерде 6 оқушы, ең көбі 20»,-деп түсіндірді А.Аймағамбетов.