«Құрметті қазақстандықтар, назар аударыңыздар, пандемия әлі де жалғасуда, өкінішке орай вирусты толық жеңген жоқпыз, сондықтан жағдайға барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Өзгелерге індет жұқтырмау үшін, жұқтырып алмау үшін міндетті түрде маска тағыңыздар, әлеуметтік арақашықтық пен гигиена талаптарын сақтаңыздар», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Сөз соңында А.Цой барлық БАҚ өкілдеріне халықты ақпараттандыруға көмектескендері үшін алғысын білдірді.

«Біз Сіздермен бірге осы алаңда Денсаулық сақтау мәселелері бойынша 140-тан астам брифинг өткіздік, оның 137-сі COVID-19-ға қарсы күреске арналды. БАҚ-тан келіп түскен 2 мыңнан астам сауал пысықталды, 1600-ге жуық релиз сайтта жарияланды, 1 мыңнан астам пост Денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшаларында жарияланды, әлеуметтік желілердегі Денсаулық сақтау мәселелері бойынша 3,7 мың өтінішке жауап берілді», - деді министр.