«Спутник V» вакцинасының құны Ресейде 2 есеге арзандады. Мұндай нәтижеге өндірісті оңтайландыру арқылы қол жеткізді. Бұл Қазақстандағы вакцинаның құнына қалай әсер ететінін журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сұрады. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, әзірге ресми шешім жоқ.

«Шынында да, мұндай ақпарат болды. Біз келісімдерге сәйкес, Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен меморандум жасап, денсаулық сақтау министрлігіне вакцинаның бағасын түзету туралы ресми сұраныс жібердік және қазір ресми жауап күтеміз»,- деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Ол сондай-ақ, ақпарат алғаннан кейін агенттік вакцинаның құнын қосымша жариялайтынын айтты. Шоранов бұл мәселе кем дегенде наурыз айының ортасына дейін жедел шешілетініне сендірді.