Автомобиль өткізу пунктері арқылы шекараны кесіп өткендер арасында індет тасымалдаушылар саны 1,5 есе, әуе қатынасы арқылы – 2 есе азайған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді. Оның мәіметінше, 9 желтоқсанда мемлекеттік шекарада 635 адамнан КВИ анықталды.

«Түркиядағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Түркиямен тұрақты рейстердің санын 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап екі тараптың әуе акомпаниялары аптасына 20-дан 10 рейске дейін қысқарту туралы шешім қабылданды», - деді Е. Қиясов.