Динагүл Баешева: пациенттерді емдеу үшін қолданылатын барлық препараттар олардың жағдайының ауырлығын және клиникалық-зертханалық көрсеткіштерді ескере отырып тағайындалады.

Коронавирусты инфекцияны емдеу бойынша отандық клиникалық хаттамаларды редакциялау кезінде халықаралық дәрігерлік тәжірибе ескеріледі. Бұл туралы республиканың жетекші инфекционисі, профессор Динагүл Баешева хабарлады.

Медициналық сарапшының айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанда коронавирусты инфекцияны жұқтырған адамдарды емдеуде өзінің практикалық тәжірибесі бар. Жекелеген емдеу препараттары туралы айта отырып, Д. Баешева басқа препараттармен емдеу нәтиже бермеген кейбір пациенттер үшін «Гидроксихлорохин» препаратын қолдану вирусқа қарсы жақсы әсер көрсеткенін атап өтті. Дегенмен, бұл препарат барлық пациенттер үшін емдеу ретінде емес, жағдайының ауырлығын және клиникалық - зертханалық көрсеткіштерді ескере отырып қана қолданылады.