Қазақстанда бірнеше адам ауырып жазылған КВИ-дан плазма құю арқылы ем алады (вирусты бейтараптандыратын антиденелері бар қан). Бұл туралы "Астана медицина университеті" КЕАҚ кафедра меңгерушісі Нұрила Малтабарова Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл әдіс әзірге ең тиімді және ауыр науқастарда ғана қолданылады.

«Реконвалесцентті плазманы құю клиникалық хаттамада жазылған және халықаралық ұсыныстарға сәйкес келеді. Әлемде зерттеулер жүргізіліп, оң нәтижелер де бар. Сондықтан біз пациенттерге реконвалесцентті плазманы аурудың өте ауыр түрінде құюды белгіледік. Және бұл плазманы алатын науқастар бар. Осындай емдеуді қажет ететіндер үшін плазманы тапсырған емделушілерге алғыс айтқым келеді”,-деп атап өтті Н.Малтабарова.