Top.Mail.Ru

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн-баспасөз конференциясы аясында ел азаматтарын төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге ҚР Қарулы Күштерінің қатысуы туралы хабардар етті.

Т.Дәндібаевтың мәліметінше, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін ҚР Қарулы Күштерінің биологиялық қорғау бөлімшелері арнайы техника мен жабдықтарды пайдалана отырып, аумақтар мен объектілерге дезинфекция жүргізуге кірісті.

Әскери-медициналық мекемелер азаматтардың денсаулығын сақтауға қажетті көмек көрсетуге әзір. Ол үшін 24 сағаттық дәрігерлік-медбикелік бригада құрылып, Денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимыл жасалды. Әскери қызметшілер ішкі істер органдарымен бірлесіп, елді мекендерді патрульдеуге және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының карантиндік аймақтарының шекаралары бойынша блокпосттарды күшейтуге жұмылдырылған.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!