Стационардан шығарылған пациенттерге тыныс алу органдарын оңалту мәселелеріне ерекше назар аудару ұсынылды. Ол үшін тыныс алу гимнастикасымен айналысу керек. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласының штаттан тыс Бас пульмонологы Сәуле Қасенова айтты.

«Бұл терең тыныс алуға бағытталған қарапайым жаттығулар болуы мүмкін. Бұл жеңіл «дем алу» үшін қажет. Бұл жаттығулармен үйде тұрақты түрде, күніне 3-4 рет 15-20 минуттан айналысу керек», - деді маман.

Пациенттерді амбулаториялық қалпына келтірудің маңызы туралы айта отырып, пульмонолог-дәрігер аурудан кейін ағзаны қалпына келтірудің халықтық әдістеріне назар аударды. Профессордың айтуынша, пациенттер қымыз бен шұбат қабылдай алады, оларда ілеспе панкреатит немесе асқазан-ішек жолдарының басқа да аурулары болмаған жағдайда.

Витаминдер мен микроэлементтер ағзаны қалпына келтіруге көмектеседі. Коронавирустық инфекция орган үшін үлкен иммундық стресс. Сондықтан мен бұл сусындарды пайдалануды ұсынар едім», - деді С. Қасенова.

Сонымен қатар, маман COVID – 19-бен алғашқылардың бірі болып күрескен қытайлық дәрігерлердің ұсынысы бойынша "пармелия", "мия тамыры" және т.б. өкпені тазартуға көмектесетін түрлі фитопрепараттарды қолдануға кеңес берді.

«Олардың тәжірибесі бойынша емдеу негізінен дәстүрлі қытай медицинасы препараттарында жүргізілді», - деді алматылық пульмонолог-дәрігер.