Жоғары оқу орнынан кейінгі оқуға түсу жүйесінде ерекше өзгерістер жоқ. Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ағылшын тілі бойынша талаптар күшейтілгенін айтты.

«Магистратураға түсушілер үшін тестілеу тамыз айында өтеді. Біз IELTS сертификаттары мен ағылшын тілін білу деңгейі бойынша талаптарды күшейттік. 25 шілдеге дейін бакалавриат бойынша мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін құжаттар мен сертификаттарды қабылдау жалғасады. Докторантура бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Арнайы бақылаулар мен басқа да іс-шаралар ЖОО-да дистанциялық форматта жалғасуда», - деп атап өтті А.Аймағамбетов.