Top.Mail.Ru

Бұл туралы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас БЕКТЕНОВ, «Adaldyq alańy» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Мирас ҚАРҒАБАЙ және Агенттіктің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр БИГАЙДАРОВ алаңымызда өткен брифингтте айтып өтті.

«Егер бағынышты қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса, онда басшы бұл үшін жауапты болады. Тиісті заң жобасы қазірдің өзінде Парламент Сенатында жатыр. Менің ойымша, жақын арада бұл заң нысанын алады», - деп О. Бектенов мәлімдейді.

Сонымен қатар парақорлықпен күрес - Президенттің соңғы тапсырмаларының бірі.

«Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 1 885 қылмыстық құқық бұзушылық, оның 74%-ы (1 395) сыбайлас жемқорлық болып табылады».

Сыбайлас жемқорлықты жасағаны үшін 882 адам, оның ішінде 22 республикалық, 71 облыстық, 82 қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар қылмыстық жазаға тартылды.

Олардың басым бөлігі барлық деңгейдегі әкімдіктер мен олардың ведомстволық бағынышты ұйымдарының қызметкерлеріне – 270, полиция қызметкерлеріне – 142 және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне – 52 тиесілі. Олардың ішінде 22 әкім және олардың әр түрлі деңгейдегі орынбасарлары бар.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекетіміз кеңестер одағы кеңістігінде алғаш рет «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңын қабылдады, бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған бағдарламалардың іске асырылуына және жемқорлықты біржолата жою мақсатында «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбына арналған көптеген семинар-тренингтер жүргізіп, дөңгелек үстелдер мен форумдар өткізілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, Агенттік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының (әкімдерінің) орнынан түсу институтын енгізуді және нормативтік-құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу рәсімдерін қалпына келтіруді көздейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың жаңа пакетін дайындайды.

"Adaldyq alańy" жобалық кеңсесінің жетекшісі Мирас Қарғабай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жұртшылықпен өзара іс-қимылдың рөлін атай отырып, Ашық бюджеттердің интерактивті картасы жұмысының қағидаттары туралы әңгімеледі .publicbudget.kz). Осы карта азаматтарға онлайн-режимде Нұр-сұлтан қаласындағы әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды салу, жөндеу және ұстау үшін бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді,сондай-ақ анықталған бұзушылықтар туралы тәулігіне 24 сағат хабардар етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Мирас Қарғабай мемлекеттік органдардың қызметтік алаңдарын оңтайландыру және олардың "open space" форматына көшуі арқылы бюджет қаражатын үнемдеуді қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы (440 "open space" жұмыс істейді, жыл соңына дейін ел бойынша тағы 580-ді ашу жоспарлануда).

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!