ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың халық алдындағы есептік кездесуінен:

2020 жылғы қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында 13,9%-ға, фармацевтика саласында 24,2%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 15,6% - ға, машина жасау саласы 25,4%-ға, мұнай өңдеу саласында 1,5% - ға өсім байқалады.

2020 жылы әкімдіктердің деректері бойынша 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құрумен, 1,1 трлн. теңгеге 160 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Индустрияландыру картасы аясында 2020 жылы әкімдіктердің деректері бойынша 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құрумен, 1,1 трлн. теңгеге 160 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша 23 мыңнан астам автомобиль өндірілді.