Top.Mail.Ru

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі 6 есеге артты.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату мәселесін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп беру барысында көтерді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің 3,2 мың полигонына 125 млн.тонна ҚТҚ жинақталған.

Анықтама: жыл сайын 5 млн.тоннадан астам ҚТҚ қалыптасады. Коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсуі 5% құрайды. Ел халқының 70% - дан астамы қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызметтермен қамтамасыз етілген.

Ведомство басшысы атап өткендей, полигондардың 83% экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, өңірлерде қоқыс өңдейтін тиісті инфрақұрылым жоқ. Сонымен қатар, 2016 жылы өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі тұжырымдамасын енгізумен ҚТҚ өңдеу үлесін 6 есеге (2,6-дан 15% - ға дейін) арттыруға қол жеткізілді.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!