«Бәйтерек» холдингі банктен кредит алу үшін еркін кепілсіз құрылыс салушыларға қолдау көрсетуді ұсынады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Холдинг басқармасы төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев хабарлады.

«Тұрғын үй құрылысы бойынша да кешенді шаралар әзірленді. Қазір тұрғын үй құрылысындағы негізгі проблемалардың бірі құрылыс компаниялары үшін «қымбат» қорландыру болып табылады. Сондықтан, еркін кепілдіктердің жоқтығынан банктерден коммерциялық кредит ала алмайтын құрылыс салушылар үшін жобалық қаржыландыру тетігі пысықталуда. Осы мақсаттар үшін Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы – «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ нарықта 100 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр, бұл тіркелген бағамен қосымша 9 мың пәтер салуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Әнуар Омарқожаев.