Волонтерлік Шетелдегі сияқты трендке айналуы тиіс. Қазақстанда барлық алғышарттар мен зор әлеует бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте Әлеуметтік кәсіпкер, «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Аскеров мәлімдеді.

Ол батыста бірнеше жыл тұрған және біздің елде қайырымдылық пен еріктілік қашан дағдыға айналар екен деп әрдайым ойланады.

«Біз мақтан тұтатын нәрсе бар. Биыл мен «BirgemizBilim» жалпыұлттық жобасының амбассадоры болдым. Қазақстанның әр өңірінде оқушыларды IT-дағдыларына, ағылшын тіліне және ҰБТ-ға дайындауға үйрету керек болды. Жоба 100% жүзеге асырылды деп қуана айта аламын. Барлық облыстар жоғары нәтижелер көрсетті. Олардың арасында Атырау облысы көш бастап тұр. Пандемия кезінде 135 еріктінің қатысуымен 1568 оқушы тартылды, ұстануға тура келген шеңберге қарамастан, еріктілер қозғалысы жұмысын жалғастырды», - деді Эмин Аскеров.

Бұл қозғалысты мәдениеттің бір бөлігіне қалай айналдыруға болады?

«Ең алдымен, заңнамалық деңгейде жазылатындай волонтерлерге белгілі бір негіз жасау керек. Бұл, жаңа айтып өткендей, бізге басыбайлы, тегін жұмыс күші ретінде қарамас үшін керек. Бұл батыстағыдай сәнге айналу керек. Сонымен қатар, бұрын айтылғандай, волонтерлік қызмет еткен мерзім еңбек кітапшасына жазылуы керек. Менің ойымша, бұл қозғалысты бүкіл ел деңгейінде одан әрі ілгерілетудің жақсы мүмкіндігі болар еді. Ақпараттық хабардар етудің тағы бір аспектісін айтқым келеді. Менің қасымда отырған адамдар, шын мәнінде, біздің заманымыздың ұлы батырлары, оларды бүкіл Қазақстан халқының білгенін қалаймыз. Олар барша қазақстандықтарды үлкен және игі істермен айналысуға итермелейтіндей үлгі бола алады», - деп атап өтті Аскеров көп жылдық тәжірибесі бар қайырымды әріптестері жайлы айта отырып.