Бюджетті қысқартты, бірақ бағдарларды қайта қарады. Бүгін "Kazakh Tourism" жұмысының жаңа бағыттары туралы Ұлттық компания басшысы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

«Пандемияның туристік салаға жаһандық ықпалына байланысты Kazakh Tourism, ең алдымен, елдің шетелде туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған құрылым ретінде, ішкі туризмді дамыту қызметі мен шығыстарын қайта қарады. Компанияның биылғы жылғы бюджеті қалыптасқан жағдайды ескере отырып, 2019 жылмен салыстырғанда 56%-ға қысқарды, сондай - ақ штат саны 20% - ға қысқарды, басқарушы құрамның саны қосымша қысқартылды және барлық өндірістік шығындар оңтайландырылды»,- деді Еркінбаев.

Бірақ дағдарыс пандемия мен карантиндік шаралардың салдарынан дестинацияларды дайындау, туристік өнімдердің ассортиментін кеңейту, жергілікті жерлерде сервис орнату мүмкіндігі болып табылады. Санаторийлік-курорттық демалыс, экологиялық, этнографиялық, аграрлық және туризм керуені, балалар-жасөспірімдер және қолөнер қызметтері сапасына баса назар аударылатын болады.

«Бұрын біз табысты шетелдік тәжірибені (5А, Qualidat, Swiss) зерттей отырып, туристік қызметтерді стандарттаудың өзіндік моделін әзірлеу ниетін мәлімдедік. Бүгінгі таңда бұл жұмыс жергілікті сарапшыларды тартумен басталды және ағымдағы жылдың соңына қарай аяқталады. Сондай-ақ, ағымдағы айда Қазақстанда агротуризмді дамыту моделін әзірлеу бойынша далалық зерттеуді бастаймыз, оның шеңберінде туризмнің осы перспективалы түрін дамыту бойынша оңтайлы тәсілдер ұсынылады. Осындай зерттеу санаторлы-курорттық нысандар мен танымал турмаршруттар бойынша тиісті ұсыныстар жасап, оларды ілгерілету үшін контент жасау арқылы жүргізілетін болады»,-деп бөлісті компания басшысы.