Осы мақсатта алдағы бес жылға арналған ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі жүйелі және жан-жақты қамтитын тәсіл қабылдануда, ол өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған негізгі бағыттарында көрініс табатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл кәсіпорындардың отандық өндірістік қуаттарын тапсырыстармен неғұрлым тиімді жүктеуге, тұтынушылар мен жеткізушілердің неғұрлым перспективалы экономикалық байланыстарын қалыптастыруға, сұраныс пен қол жетімді ресурстарға сәйкес өнім жеткізілімдерінің тұрақты орындалуын қамтамасыз етуге, экономика мен адами капитал деңгейінің өсуін арттыруға мүмкіндік береді.

«Біз өнеркәсіптік кооперацияның, субконтрактацияның және технологиялар трансферінің Еуразиялық желісіне аса назар аудардық. Бұл жоба өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактация бойынша неғұрлым тиімді серіктестерді іріктеу, шағын және орта кәсіпорындарды ірі өндірушілердің өндірістік тізбектеріне тарту үшін цифрлық экожүйе құруды көздейді. ЕАЭО-да жоғары технологиялық және инновациялық өнімді дамыту үшін мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігері есебінен Еуразиялық технологиялық платформалар қалыптастырылды және басым салаларда мемлекетаралық бағдарламалар іске асырылуда», - деді вице-министр.

Д.Щеглова жалпы ЕАЭО-ға мүшелік ел экономикасы дамуының оң серпінін беретіндігін, ал өнеркәсіптік кооперация мультипликативтік әсер туғызатынын атап өтті. Өнеркәсіпті дамытудың жаңа жолдары, экономикадағы өсу перспективалары, отандық кәсіпорындардағы жұмыс орындарының ұлғаюы, бюджетке салықтардың түсуі, технологиялар мен инновациялар трансфері және т.б. сияқты мультипликативтік әсер туғызатыны байқалады.