Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемді алатындардың санатына жатпайтын азаматтардан оған қолжеткізуге тырыспауларын сұрады. Ведомство басшысы порталда өтінім берген әрбір азаматқа жауапкершілік жүктелетінін еске салды.

«Порталда өтініш берген әр адам ақпарат берудің шарттары мен ережелерін оқып шығуы тиіс. Ақпаратпен танысқаннан кейін өтінім беруші шектеу шараларына байланысты табысын жоғалту фактісін растайтын белгі қояды. Осылайша, ол шынайы мәлімет ұсынғаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алады», - деп толықтырды министр.

Ресми жұмыссыз мәртебесі бар адамдар жұмыссыз ретінде тіркеліп, еңбекақысының 40% мөлшерінде заңды төлемдер алу үшін Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуі керек