Қазақстан бірнеше жылдан бері өз көмірін РФ аумағы арқылы транзиттеу мәселесін көтеріп келеді, бірақ нәтижесіз, Алқа үнсіз. Ал Мәскеу Қазақстаннан металл сынықтарын шығаруға тыйым салу тақырыбын қозғаған кезде, Алқа Нұр-Сұлтанның шешімін бірден тосқауыл деп таныды. Үкім шығару мерзіміндегі мұндай айырмашылық алқаның жекелеген мүшелері әділетсіз екен деген ой тудырады. Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде спикерлерден бұл болжамдарды растау немесе жоққа шығару бойынша өтініш айтылды.

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Гегам Варданян теріске шығаратын ештеңе жоқ деп жауап берді.

«Егер металл сынықтары мәселесін қарастыратын болсақ, ол 2018 жылдан бері бар. Ол автомобиль көлігімен тасымалдауға тыйым салу туралы тиісті бұйрық шыққан сәттен бастап талқыланды және теміржол көлігі мәселесі туындаған кезде қайта көтерілді. Бұл көп уақытты қажет ететін күрделі жағдайлардың бірі. Сонымен қатар, көмір транзиті туралы айтқанда, бұл мәселе өтініштер бойынша, оның ішінде мүдделі тараптардың өтініші бойынша бірнеше рет кейінге қалдырылды. Келіссөздер жүріп жатты, мәселе екіжақты деңгейде талқыланды. Нарықта қандай да бір кедергілер бар екендігі туралы хабарлама шығару сияқты мақсат жоқ, мәселелердің келіссөздер деңгейінде шешілгенін қалаймын. Басымдықтар жоқ, жай бұл екі мәселе және күрделілігі де әртүрлі. Кейбір жағдайларды баптардың бұзылуы деп ойлаймыз, көп жағдайда бұл жай ғана әрекет, ал іс-әрекеттің біліктілігі, ол да аса күрделі процесс: фактілерді жинау керек. Сонымен қатар, елдердің өздері консультация беруді жиі өтінеді, бұл да уақытты қажет етеді», - деп жауап берді Алқа мүшесі.

Сондай-ақ, ол тиімділікті арттыру үшін алқа жұмысына түзетулер мен уақытша шектеулер енгізілгенін жеткізді.

«Жақында жұмыстың жаңа әдістемесін жүргізгенімізді атап өткім келеді, оның аясында жұмыстар 70 күнмен шектеледі. Яғни, келіп түскен мәселелерді біз 70 күннің ішінде, тиісінше, алқаның қарауына шығаруға тиіспіз. ешқандай әділетсіздік жоқ, сәйкесінше, теріске шығаратын да ештеңе жоқ екенін атап өткім келеді», - деді спикер.