Қазақстанда 7,5 мыңнан астам заңсыз қоқыс орны табылды. Оларды анықтау үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ. Экология министрлігінің тапсырысымен ведомство ірі қалалардың айналасына радиус 50 км жерге мониторинг жүргізді.

Соңғы 10 күнде 1 635 стихиялық қоқыс орны жойылды. Бұл қоқыс орындарының жалпы санының бестен бір бөлігі ғана. Қарағанды және Атырау облыстарында белсенді жұмыстар жүргізілуде, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Стихиялық қоқыс орны туралы ақпаратты енді +7 777 595 2490 номері бойынша WhatsApp желісі арқылы министрліктің «жедел» желісіне жіберуге болады. 5 күннің ішінде қазақстандықтардан 223 хабарлама келіп түсті. ІІМ, қоғамдық ұйымдар, волонтерлер және журналистер бірлесіп, бейберекет қоқыс орындарына ауқымды қоғамдық рейдтерге шығады. Бірінші рейд дүйсенбі күні елорданың айналасында өтті.

«Жүргізілген рейд барысында қалдықтардың басым бөлігін құрылыс қоқысы құрайтыны анықталды. Бұл құрылыс нысандарының полигонмен келісімшартқа отырмаған қоқыс шығарушы ұйымдармен келісім жасайтынына байланысты орын алады. Әрине, біз құрылыс және қоқыс шығаратын компанияларды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз, олар рұқсатсыз қоқыс тастағандары үшін айыппұл төлейді. Мәселе бұл айыппұлдардың төмен кендігінде. Яғни, компанияларға құрылыс қалдықтарын полигонға шығарудан гөрі айыппұлды төлеу арзанырақ», - деп атап өтті елдің бас экологы.

Сондай – ақ, ведомство басшысы бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодекстің жобасында қоқыс шығаратын көліктерде міндетті GPS-датчиктердің болуы; қалдықтарды қайта өңдеумен және оны пайдаға асырумен айналысатын кәсіпорындарды лицензиялауды енгізу; қоқыс шығаратын ұйымдар үшін хабарлама тәртібіне көшу, сондай-ақ айыппұлдарды ұлғайту қарастырылғанын еске салды.

«Мұнымен қоса, екі ай бойы Нұр-Сұлтан қаласының полигонына құрылыс қалдықтарын ақысыз қабылдау мәселесі пысықталуда. Егер мұның нәтижесі болып, стихиялық үйінділер саны қысқарса, онда біз осы тәжірибені басқа өңірлерде де енгізу мәселесін қарастырамыз», - деді М.Мырзағалиев.