Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин хабарлады.

«Карантиндік шаралардың ұзақтығы бірнеше ай бойы, әрине, экономикаға әсер етті. Алайда, төтенше жағдай кезінде де, қазір де өмірлік маңызы бар кәсіпорындардың жұмысы тоқтаған жоқ, Соның арқасында біз негізгі экономикалық көрсеткіштерді сақтап қалдық. Алты айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 98,9%-ды, ауыл шаруашылығы 103,2%-ды, инвестиция - 111,8%-ды, құрылыс 103,3%-ды, тұрғын үй 112,9%-ды құрады, яғни экономика қалыпты жұмыс істеуде», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Айта кетейік, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында аймақта 46 млрд теңгенің 300 жобасы жүзеге асырылуда. 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.