Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Ведомство басшысы түсіндіріп өткендей, декарбонизация – бұл көмірқышқыл газының шығарылуын азайту және жаңартылатын энергия көздері арқылы электр энергиясын өндіру. Бұл қоршаған ортаға зиянды әсерді едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Әлеммен бірге Қазақстан да осы бағытты ұстанады.

«Бүгінгі күні әлемдік экономиканы декарбонизациялау және климаттық реттеуді қатаңдату тренді байқалады. Еуропалық Одақ шығарындылардың жоғары деңгейі бар елдерден импортталатын өнімдерге «шекаралық көміртек салығын» әзірлеуге кірісті. Бұл еуропа нарығында отандық өнімдердің жоғары бәсекелестігін сақтау үшін шығарындылардың көлемін қысқарту қажет екендігін білдіреді. Бұл ретте, Министрлік Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Бұл жұмыс 2021 жылғы маусымда аяқталады. Өткен жылдың желтоқсан айында климаттық амбициялар бойынша саммитте Мемлекет басшысы еліміздің екі мың алпысыншы (2060) жылға қарай көміртек бейтараптығына қолжеткізетінін мәлімдеді. Жаңартылатын энергия көздері жобаларын белсенді іске асырумен қатар, бұл болашақта сутегі энергетикасын және көміртекті ұстау және сақтау бойынша технологияларды дамытуды көздейді», - деп мәлімдеді Мырағалиев.