Мемлекеттік кірістер комитеті экспорттық бақылау кезінде дұрыс декларацияламау фактілеріне ерекше назар аударады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері тексерілген 2,5 мың көліктің 2,3 мың жүкқұжаттардағы мәліметтер мен нақты тасымалданған тауарлар арасындағы сәйкессіздіктер анықталды.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, әкімшілендіруді күшейтуге байланысты жалған жүк алушылардың мекен жайына әкелу фактілері 95%-ға азайды.