Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020 жылдағы ең ірі жобаларының бірі – «Мың бала» ұлттық олимпиадасы. Ол тек ауыл балаларының арасында ғана өткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры директорының орынбасары Әнуар Жанғозин хабарлады. Оның айтуынша, кең ауқымды жоба қоғам тарапынан оң бағаға ие болды. Әсіресе, ауыл мектептерінің директорлары мен мұғалімдері қолдады, себебі пәндік олимпиадаларды өткізу тәжірибесі ауылдан келген оқушының қала оқушысымен салыстырғанда дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі мен ауыл алшақтығы олардың аз көлемде тартылатындығын көрсетті.

«Түрлі олимпиадаларды өткізу тәжірибесі ауыл балаларының оларға аз қатысатынын көрсетеді. Статистикаға сүйенсек, ауыл оқушыларының шамамен 13-14%-ы облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысады, бұл олардың дайындық деңгейімен және олимпиадалар өтетін жерлерден шалғайлығымен байланысты. Осыған орай, биыл Нұрсұлтан Назарбаев қоры тек ауыл мектеп оқушыларын қамтыған «Мың бала» алғашқы ұлттық олимпиадасын өткізді», - деді Жанғозин.

Олимпиадада 4266 ауыл мектебінің 5-ші және 6-сыныптардың 295 мың оқушысы жарысты. Нәтижесінде 1000 жеңімпаз іріктелді. Нәтижесінде 1000 жеңімпаз іріктелді. Бүгін финалистер мен жеңімпаздар дарынды балаларға арналған жетекші мектептерде оқуын жалғастыруда және Елбасы Академиясы жанындағы «Birge Oqý» онлайн мектебінде пәндік дайындықтан өтуде. Барлық жеңімпаздарға сый ретінде ноутбуктер табысталды.